Атырау, 4 қазан 16:25
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

745 просмотра

Мемлекеттік айыптаушы сотта Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Прокуратура өкілі Жангелді Есебаев соттан Қайрат Сатыбалдыұлы мүлкін тәркілеп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жыл мерзімге айыра отырып, алты жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу анықталсын, Президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ "Құрмет" және "Парасат" ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдыұлының қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн - 1,5 күн болып есептелсін", - деді прокуратура өкілі Жангелді Есебаев.

Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындайтынын және істеген ісіне толықтай өкінетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, ол прокурор ұсынған жаза түрі және мөлшерімен келісетінін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталғаны хабарланған болатын.

22 қыркүйек 2022, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.