Атырау, 4 қазан 18:25
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

ҚТЖ Алматы – Петропавл пойызының неліктен тоқтатылғанын түсіндірді

536 просмотра

"Алматы – Петропавл" қатынасындағы № 105 жолаушылар пойызы 21 қыркүйек сағат 04.27-де "Қарағанды – Астана" учаскесінде шұғыл аялдама жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметінің түсіндіруінше пойызды тоқтатуға техникалық вагоннан шыққан ақау себеп болды.

Пойызда 184 жолаушы болған.

21 қыркүйек күні №77098 ақаусыз техникалық вагоны бар КЗ-03 құрамы резервтегі №70210 техникалық вагонмен ауыстыру және құрамдағы барлық вагондарды техникалық байқаудан өткізу үшін Астана ст. Тальго ТҚО-ға жеткізіледі."Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметі

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, комиссиясы құрылды. №105/106 "Алматы-2 – Петропавл" пойызы 26 қыркүйекке дейін тоқтатылды

21 қыркүйек 2022, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.