Атырау, 17 мамыр 12:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

ҚМГ «Самұрық-Қазына» АҚ-нан «ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясындағы 50% үлесін сатып алды

904 просмотра

ҚазМұнайГаз «Самұрық-Қазына» АҚ-тан ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесін кері сатып алуға опционды жүзеге асырды, деп хабарлайды ҚМГ сайтында.

2022 жылы 15 қыркүйекте «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) 2015 жылы жасалған Опциондық келісім аясындағы өз құқығын пайдаланып, «Самұрық-Қазына» АҚ-тан (бұдан әрі – Қор) Солтүстік Каспий жобасы (бұдан әрі – Қашаған жобасы) бойынша Өнімді бөлу туралы келісімнің 16,88% тиесілі «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК компаниясындағы 50% үлесін 3,8 млрд АҚШ долларына сатып алды.

«Бұл – «ҚазМұнайГаз» үшін соңғы жылдардағы ең ірі сатып алу мәмілелерінің бірі. Қашаған жобасындағы үлесі артуы арқылы ҚМГ-ның шоғырландырылған мөндіру, EBITDA, таза пайда және активтер көрсеткіштері жақсарады. Бұл ретте компанияның қарызы да артады. Сатып алу үшін төлем ҚМГ Қашаған Б.В. ақша ағымдарының есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда», - деп хабарлады ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев.

2015 жылы ҚМГ түскен қаражатты сол жылдары мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты қаржылық ковенантының бұзылуына жол бермеу мақсатында қарызды азайтуға пайдалану үшін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясындағы 50% үлесін Қорға сатты.

Қазіргі сатып алуды жүзеге асыруға ҚМГ-ның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша жүргізілген үлкен жұмыс сеп болды, бұл осы мәмілені кредиттік рейтингтерге әсер етпей іске асыруға мүмкіндік берді.

"Бұған дейін ҚМГ Қашаған Б.В. компаниясының 50% үлесіне алдын ала шектеу қойылған еді, оны биыл Гаага (Нидерланд) Апелляциялық соты алып тастады. Бұл шешімге қатысты Нидерланд Жоғарғы сотына түскен шағым ҚМГ-ның 50% үлесін сатып алу туралы мәмілесіне әсер етпейді, өйткені Апелляциялық соттың шектеуді алып тастау туралы шешімі дереу күшіне енеді", - деп хабарлады ұлттық компания.

20 қыркүйек 2022, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.