Атырау, 17 мамыр 14:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстанда көмірді автокөлікпен шығаруға тыйым салынды

505 просмотра

Қазақстанда көмірді автотранспортпен шығаруға тыйым салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 514 бұйрығы шықты", - делінген дүйсенбі күнгі хабарламада.

Сонымен қоса уақытша шектеу тұрғындар мен коммуналдық және әлеуметтік нысандарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, қатты отынды көршілес мемлекеттерде қайта сату үшін шығарылған фактілердің анықталуына байланысты енгізіліп отырғаны айтылған.

"Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау", - деп қосты баспасөз қызметі.

19 қыркүйек 2022, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.