Атырау, 23 желтоқсан 08:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды

975 рет қаралды

Астанада Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды, - деп хабарлады Tengrinews.kz  порталына қалалық соттың баспасөз қызметі.

Іс Астана қаласының Байқоңыр ауданының № 2 сотында қаралып жатыр. Қайрат Сатыбалдыұлы "Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру", "Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамның алдын ала сөз байласуы бойынша топтың жымқыру" баптары бойынша қылмыс жасады деп айыпталып жатыр.

Еске сала кетсек, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

19 қыркүйек 2022, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.