Атырау, 4 қазан 18:19
 ашықВ Атырау +10
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Қазақстан астанасының атауын өзгерту туралы Жарлық күшіне енді

583 просмотра

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел астанасын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгерту туралы Жарлығы дүйсенбі, 19 қыркүйекте ресми "Казахстанская правда" газетінде жарияланып, күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тоқаев сенбі, 17 қыркүйекте "Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласын Астана қаласы - Қазақстан Республикасының астанасы деп қайта атау туралы" Жарлыққа қол қойды. Жарлықтың мәтінінде оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілгені атап өтілген.

Сонымен қатар, дүйсенбі күні ресми баспасөзде 17 қыркүйекте Тоқаев қол қойған және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енетін Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жарияланды. Түзетулердің бірінде Қазақстанның астанасы Астана қаласы болғаны да бекітілген.

19 қыркүйек 2022, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.