Атырау, 4 қазан 20:29
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

GGG мен Канело салмақ өлшеу рәсімінен өтті

840 просмотра

Қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) Лас-Вегастағы трилогия алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

© Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz 

Екінші орташа салмақтың шегі - 168 фунт (76,2 келі). Таразыда қазақстандық 167,8 фунт, ал Мексикадан келген қарсыласы 167,4 фунт көрсетті.

© Facebook/Gennadiy Golovkin

Головкин мен Альварес дивизиондағы абсолют әлем чемпионы атағын: боксшылар IBF, WBA Super, WBO және WBC титулдарын сарапқа салады.

Бәсекелестердің үшінші айқасы тағы да T-Mobile аренасында өтеді. Қазақстандық уақыт бойынша жекпе-жек 18 қыркүйекте, жексенбіде таңертең өтеді және Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Бокс кешінде тағы бір қазақстандық жұдырықтасады - Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) және Габриэль Росадо (26-15-1, 15 КО) салмақ өлшеуден өтті. Қазақстандық салмақ өлшеу кезінде 167,8 фунт, ал америкалық қарсыласы - 167,6 фунт көрсетті.

Бұл жекпе-жекте екінші орта салмақтағы екі белбеу - WBC Silver және "Солтүстік Америка" IBF чемпионы белбеуі сарапқа салынады.

17 қыркүйек 2022, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.