Атырау, 4 қазан 20:34
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Журналист Динара Егеубаева үйіне полиция келгенін хабарлады

780 просмотра

Қаңтардағы азаптаулар туралы ақпарат таратқан журналист Динара Егеубаева 15 қыркүйекте үйіне полиция келгенін хабарлады, дейді Азаттық радиосы.

"Алматы полиция департаментінің екі қызметкері 102-ден қоңырау келіп түскенін, бір ер адам Жамбыл 131 мекенжайдағы үйге бомба қойғанын хабарлапты. Ол үйде мен 20 жыл бұрын тұрғанмын. Жарты сағаттан кейін мен кешірім сұрауға тиіс екенмін, әйтпесе бомбаны жарамын депті-мыс. Полицейлер экстремизм және терроризммен күрес бөлімінен екен. Олар нөмірді терді. Еуропадан екен. Маған қандай да бір қоқан-лоқы жасалды ма деп сұрады. Мен "жоқ" деп жауап бердім" деді Егеубаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Полиция қызметкерлері 16 қыркүйекте Медеу аудандық полиция бөліміне куәгер ретінде шақырған. Журналист ол жаққа адвокатымен баратынын айтып отыр.

"Бұл менің қызметімен байланысты қандай да бір ескерту сияқты. Себебі олар назар аударатын басқа нәрсемен айналыспаймын" деді Егеубаева.

Журналистің сөзіне қарағанда, өзін Олжас Ысқақов деп таныстырған полиция қызметкері сөз арасында "Қаңтар кезінде жараланғанын" айтқан. Жанындағы адам да өзіне оқ тигенін жеткізген.

"Сіздерді кім атты деп сұрап едім, иығын қиқаң еткізді" деді журналист.

Динара Егеубаева кейінгі айларда Қаңтар кезінде азаптауға ұшыраған азаматтардың бастан өткергені жайлы ақпарат таратқан.

16 қыркүйек 2022, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.