Атырау, 4 қазан 20:19
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Ақтөбе облысында 110 гектар жер өртенді

678 просмотра
Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысындағы екі ауданда орман мен далалық жер өртенді. Өрт аумағы 110 гектарды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 қыркүйек күні сағат 15:39-да тіркелді. Хабарламада Қобда ауданы, Суғала ауылдық округі Көк үй ауылы маңындағы далалықта 40 га құрғақ шөп және Қобда орман шарушалығына тиесілі 10 гектар орман екпесі өртенгені айтылған. Шақырту орнында бірнеше қызметкер мен техника жіберіліп, өрт сөндірілді.

«Далалық өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 50 қызметкер, 7 бірлік техника, Қобда орман шаруашылығынан 13 адам, 4 техника, еріктілерден 35 адам, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 21:06-да сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 10 га, дала алқабы 40 га. Сондай-ақ, шақыру орнына Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов және Ақтөбе облысы ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев барып, бақылауға алды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ 15 қыркүйек күні сағат 18:15-те Мәртөк ауданы, Родниковка ауылдық округі дала алқабында ашық алаңда құрғақ шөп өртенді. Өрт сағат 01:55-те шектеліп, 02:30-да сөндірілді. Жалпы аумағы 110 гектарды құрап отыр.

«Өртті сөндіруге ТЖД өрт сөндіру қызметінен 56 адам және 8 техника, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 22 адам 7 техника, Орман шаруашылығы 2 адам, 2 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Табиғи өрттердің туындауына, олардың таралуына және елді мекендерге жақындауына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігін есте сақтау қажет», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.


16 қыркүйек 2022, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.