Атырау, 4 қазан 20:24
 ашықВ Атырау +11
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Жәмилә Бақбергенова екінші рет қатарынан күрестен әлем чемпионатының «күміс» медалін жеңіп алды

521 просмотра

Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова екінші рет қатарынан күрестен әлем чемпионатының «күміс» медалін жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Қазақстандық Жәмилә Бақбергенова Белградта (Сербия) өткен әйелдер күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Финалда 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақбергенова америкалық Амит Эйлормен кездесті. Жекпе-жек өте тез аяқталды. Қарсылас әп-сәтте басымдылыққа ие болып, нәтижелі қабылдау жүргізіп, кейін есепті еселеп көбейтті. Амит техникалық артықшылығының арқасында мерзімінен бұрын жеңіске жетті», - деп хабарлады жұма күні Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті.

Бақбергенова үшін бұл әлем чемпионаттарындағы осымен қатарынан екінші «күміс». 2021 жылы планетаның басты турнирінде де ол екінші болды.

16 қыркүйек 2022, 09:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.