Атырау, 10 қыркүйек 04:28
 дождьВ Атырау +16.4
$ 456.89
€ 531.36
₽ 5.32

Тоқаев Самарқанд қаласына барды

888 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына келді, делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысын Самарқанд әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдолла Арипов күтіп алды.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаевты «Silk road» туристік орталығында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. Бұл жерде Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттер басшыларымен бірге ағаш отырғызды.

15 қыркүйек 2022, 23:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.