Атырау, 30 сәуір 18:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.55
€ 540.38
₽ 6.15

Димаш Құдайбергенге Рим Папасы медаль табыстады

800 рет қаралды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Рим Папасының қолынан медаль алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші қуанышты жаңалықты Instagram-парақшасында бөлісті.

"Рим Папасы берген бата-тілегіңіз бен естелік сыйлығыңыз үшін үлкен алғыс айтамыз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Рим Папасы Қазақстанға үш күндік мемлекеттік сапармен келді – 13-15 қыркүйек аралығында. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің ашылуы мен пленарлық отырысына қатысты, сондай-ақ діни рәсім (месса) өткізді.

15 қыркүйек 2022, 13:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.