Атырау, 21 мамыр 16:31
 ашықВ Атырау +18
$ 443.72
€ 482.28
₽ 4.90

Елорда атауын ауыстыру мәселесі бойынша ономастика комиссиясы шешімін жариялады

898 просмотра

Нұр-Сұлтан қаласының ономастика комиссиясы қала атауын қайта өзгертуге қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін мәжілістегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы қала тұрғындарының өтініші негізінде қаланың атауын "Астанаға" қайта ауыстыруға бастама көтерген болатын.

"Ономастика комиссиясының мүшелері елорданың атын өзгерту туралы ұсынысты қолдады", - делінген ресми хабарламада.

Ономастика комиссиясының отырысына қатысқандар:

ғылым және жоғары білім министрлігінің "Мемлекет тарихы институты" РММ директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяған;

тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Әбсеметов;

педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері Т.Қышқашбаев;

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының бас директоры Ербол Тілешов;

Қазақстан жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы.

Айта кетері, бүгін Конституциялық кеңес Тоқаевтың өтініші бойынша өз шешімін жариялады. Кеңес мүшелері президент өкілеттілігінің мерзімін 7 жылға дейін ұзарту және бір рет қана сайлану құқығын бекіту конституциялық талаптарға сай деп таныды. Кеңес қарауына шығарылған заң жобасы ел астанасының атауын өзгерту мәселесі де бар.

14 қыркүйек 2022, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.