Атырау, 23 желтоқсан 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Шетелдік компаниялар 6 миллиард теңгеден аса "Google салығын" төледі

897 рет қаралды

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелдік компаниялар төлеген "Google салығы" туралы мәлімет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Apple, Meta, Google, Ebay, Amazon және басқа да көптеген әлемдік компанияны қосқанда 37 шетелдік компания шартты тіркеу рәсімінен өтті. 2022 жылдың басынан бері бұл компаниялар 6,1 миллиард теңге көлемінде салық төлеген.

"Салықтың ең көп сомасын Ирландия резиденттері саналатын Meta Platforms Ireland Limited (1,6 миллиард теңге) және Apple Distribution International Limited (1,1 миллиард теңге) компаниялары, сондай-ақ АҚШ резиденті саналатын "iHerb" ЖШҚ (1,4 миллиард теңге) компаниясы төледі", - деді МКК өкілдері.

"Google салығын" төлейтін компаниялардың толық тізімі МКК сайтында көрсетілген.

Еске салайық, 2022 жылдан бастап Желіде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) Қазақстанда ҚҚС ("Google салық") төлеуі тиіс.

14 қыркүйек 2022, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.