Атырау, 23 желтоқсан 07:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі ашылды

Бейнежазба
792 рет қаралды

Бүгін елорданың Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады.

Съездің басты тақырыбы - «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. Съезде делегация басшылары да сөз сөйлейді деп күтілуде.

Съезд шеңберінде форум форматына енгізілген бірқатар өзекті тақырыптар  талқыланады деп жоспарлануда.

Рим Папасының съезд кезіндегі ресми сапары барысында Рим - Католик шіркеуінің латын салтындағы негізгі литургиялық қызмет - ауқымды діни масса өткізуі күтіледі. Массаға кез келген дін мен конфессия өкілдері бара алады.

14 қыркүйек 2022, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.