Атырау, 4 қазан 22:19
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

«Сбербанк Қазақстанның» атауы «Береке банк» деп өзгереді

669 просмотра

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев «Сбербанк Қазақстан» ребрендинг өткізіп, «Береке» атауын алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Шарлапаев Shishkin_like арнасына берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, ребрендинг міндетті түрде болады.

«1 қыркүйекте меншік құқығын беру бойынша транзакцияны жауып тастадық. Жаңа банк «Береке банк» деп аталады. Бұл қазақтың жақсы сөзі, себебі қазақтар бір-біріне әрдайым береке мен молшылық тілеп отырады. Біз де бұл құндылықтарды сақтай отырып, әрі қарай жұмыс істей береміз», деді Қанат Шарлапаев өз сөзінде.

13 қыркүйек 2022, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.