Атырау, 31 қазан 12:54
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Ақшаның буына мастанбаңыз, Григорий мырза! «Қуатты Қытайдың әлсіреуі қазаққа әсер ете ме? Байлығын бұлдағандар бұқарадан бонусын неге жасырады? Рахат Әлиевтің Еуропаға асырған ақшалары Қазақстанға қайтып оралуы мүмкін.

2 618 просмотра

ZHASALASH.KZ. «Балықтыдағы қанды қырғын» - Әлеуметтiк әдiлетсiздiктiң ақыры бес бiрдей адамның өмiрi қиылуына апарып соқты. Жер дауы мен жесiр дауы қазақ халқының тарихында бағзы заманнан берi жалғасып келе жатыр. Жесiр дауын қайдам, Оңтүстiк Қазақстан облысында соңғы жылдары жер дауы өршiп, тiптi атыс-шабысқа, кiсi өлiмiне, қанды қырғынға ұласуы тұла бойыңды түршiктiредi. Жер үшiн ауылдастардың төбелесуi, бiрiн-бiрi атып салуы әдетке айналды. Тiптi ұлтарақтай жер үшiн бiр кiндiктен тараған бауырын да өлiмге қиғандар кездесуде.

AIKYN.KZ. «Байлығын бұлдағандар бұқарадан бонусын неге жасырады?» - Қолында есебі жоқ қаржысы барлар бүгінде өзгелерден ерекшелігін материалдық байлықпен көрсетуге тырысып, тыраштанып жүр. Ақшаны оңды-солды аямай шашу – байлықты қайда жұмсарын білмей шарасыздыққа душар болғандардың әрекеті екені белгілі.

ZAN.ZANMEDIA.KZ. «Мұнай компанияларын халықтың қауіпсіздігі алаңдатпайды» - Атырау жұртшылығы мұнай өнеркәсібімен байланысты тосын жағдайлардан сақтандырыла ма, қаншаға сақтандырылды, қазірге дейін ол жөнінде ешкім тап басып ештеңе айта алмайды. Бейғамдық пен салғырттық — жақсы қасиет емес. Соның ішінде, адам өмірі төңірегіндегі мәселеде олардың мүлдем болмағаны дұрыс еді.

TURKYSTAN.KZ. «СОҢҒЫ ПЕРҒАУЫН» КЕТСЕ ДЕ...» Мысырдағы басбұзушылықтар қайта басталды. Каир, Порт-Саид және Суэц қалаларында ереуіл оты бұрқ етті. Қалаларды талқандауға кіріскен қара халықтың көпшілігі өлім жазасына қарсы наразылық танытуда.

«РЕСЕЙ КӨНБЕСЕ, ҚЫТАЙ ҚҰШАҚ АШПАҚ»  - Өткен аптада ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев ресейлік шенеуніктердің төбесінен жай түскендей мәлімдеме жасады. Себеп, Ресейдің қазақ газын арзан бағалауы. Орыстар түркімен және өзбек газын бізден әлдеқайда қымбатқа импорттауы Қазақ үкіметінің қытығына тисе керек. Сондықтан да «Егер Ресей біздің бағаға келіспесе, «көгілдір отынды» қытайларға сатамыз», – деп ашық айтты ашынған министр.

EGEMEN.KZ. «Рахат Әлиевтің Еуропаға асырған ақшалары Қазақстанға қайтып оралуы мүмкін» - Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиев осы ел арқылы кем дегенде 113 млн. еуро ақшаны Қазақстаннан алып кеткен болуы ықтимал, деп хабарлады Tengrinews.kz. тілшісі. Бұл туралы «Нұрбанк» менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтің жесірлері мүдделерін қорғаушы адвокат Габриэль Лански айтқан.

MAIDAN.KZ. «БІЗГЕ ҚАРІП КЕРЕК ПЕ, «қазақ мәселесінің» шешімі керек?» - Жуықта Алматыда өткен кезекті дөңгелек үстел барысындағы әңгімеден дәл осындай тұжырым жасауға болады. Ел зиялылары арасындағы ортақ пікірдің алтын қазығын аңдасын деп, біз оқырманға сол әңгімені ықшамдап жариялап отырмыз.

MASA.KZ. «Қажымұқан ҒАБДОЛЛА: «Атасы сатқынның «жұмыртқасы» да сасып тұрады» - Қоғамдық пікірге қашанда тосын пікір, оқыс ой-орамдарымен “қан жүргізіп”, шындық пен ақиқатты ғана ту еткен Қажекең “Тура биде – туған жоқ” дейтін қағидамен қаруланған азамат. Бүгінгі таңда бірнеше өткір публицистикалық кітаптары шығып үлгерген, қазақтың қоғамдық пікірін қозғаушылардың саңлағы, қазақ мүддесінің: тілі мен дінінің, тарихы мен ділінің шынайы жанашыры Қажымұқан ҒАБДОЛЛА бүгінгі таңда қатардағы саясаткер дәрежесі деңгейінен асып, қоғам қайраткерлерінің құрметті қатарына қосылған тұлға.

BAQ.KZ. «Сақалды "сұлулар"» -   XIX ғасырда дүбірлі дүниенің бір қызығына айналып, елді елеңдеткен «маймыл әйел» арада 150 жылға жуық уақыт өткенде қара жердің қойнына берілді. Юлия Пастрананың 1860 жылы мумияланған денесі осы уақытқа дейін сақталды. Бірақ жұрт оны жерлеуді жөн көріпті. Бір жарым ғасырдан соң, ол Мексиканың Синалоа-де-Лейва қаласында ақ табытқа салынып, ақ раушан гүлдерімен көмкеріліп, арулап жерленді. Бұл рәсімге қала губернаторы Марио Лопеса бас болып, әлем назарын аударған әйелді соңғы рет еске алды.

ALASHAINASY.KZ. «Дүңгіршектер мемлекеттік тілдегі басылымды сатуға неге құлықсыз?» - Елімізде ресми тіркелген 2 мың 783  басылым болса, соның 574-і ғана қазақ тілінде. Бұл аздай, ел-елдегі дүңгіршек біткенді теріскей көршіден асып келген 1025 газет-журнал жаулап алған. Яғни Қазақстанның мемлекеттік тілінде шығатын баспа өнімдерінен Ресейден келген өнім екі есе артық таратылады.

KAZAKZAMAN.KZ. «Ақшаның буына мастанбаңыз, Григорий мырза!» - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің басшылығымен өткен жалпы отырыста депутат Тұрсынбек Өмірзақов ҚР Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченкоға депутаттық сауал жолдады.

«Қуатты Қытайдың әлсіреуі қазаққа әсер ете ме?» - Соңғы кездері ғылым докторы, профессор    Лаң Шианпиңнің «Қытай экономикасы ең қатерлі кезеңге тап болды» деген мақаласы жарияланысымен, көпшілік жұрттың алып держава Қытай елінің әлемді дүрілдетіп тұрған тірлігіне базбір қатер төніп тұрғандай алаңдаушылыққа бой алдыра бастағаны байқалады.

«Халық қазынасын үптегендер — Отанын сатқандар ең ауыр жазаға тартылуы тиіс!» - Жемқорларда, шынында да, Отан болмайды. Олардың ауыздары «Отаным» деп ұрандағанмен, жүректері қап-қара тасқа айналып, ақшаның құлына айналғалы қашан. Оларға Отаннан гөрі ақша, байлық қымбат.

15 наурыз 2013, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.