Атырау, 4 қазан 22:25
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

БАҚ: Украина елшісі Қазақстаннан кетті

1 210 просмотра

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Петр Врублевский биліктің талабына сәйкес Қазақстаннан кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, украин өкілі Нұр-Сұлтан-Варшава рейсіне отырған.

Zakon.kz аталған ақпаратты нақтылау үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады. Ведомстваның дереккөзі Врублевскийдің еңбек демалысына кетті деп сендіреді. Бұл арада ҚР билігі тарапынан ешқандай талап болмаған.

23 тамызда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде министр орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевскидің кездесуі өтті. Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайыровқа берген сұқбатында айтылған сөздеріне қатысты наразылық білдірілді.

Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелер шет мемлекет елшісінің қызметінде жол берілмеу керектігін, бұл оның өкілдеттігіне сай келмейтіндігі тұрғысында өз ұстанымын жеткізді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуі тиіс.

5 қыркүйекте Врублевский өз сұқбатында айтқан сөздері үшін кешірім сұрап, бұл "эмоцияға беріліп кеткендіктен" орын алғанын айтты.

9 қыркүйек 2022, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.