Атырау, 4 қазан 22:14
 ашықВ Атырау +17
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Адам ұрлау және активтерді заңсыз иелену: Гүлмира Сатыбалды ісіне қатысты жаңа деректер

1 027 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істің жаңа деректерін жариялады. Агенттік мәліметінше, жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

“Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді. Сонымен қатар Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады”, – делінген хабарламада. 

Күдіктілер қамауда, тергеу амалдары жалғасып жатыр. 

Айта кетейік, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген еді. 

8 қыркүйек 2022, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.