Атырау, 25 желтоқсан 08:39
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Өзбекстан президенті Қазақстанға көмек көрсетуге дайын екенін айтты

891 рет қаралды

6 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгіме барысында Мирзиеев Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты Тоқаевты қолдайтынын, сондай-ақ төтенше жағдайды жоюға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтқан.

Президенттер тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша өзара іс-қимылды кеңейтудің өзекті мәселелерін қарастырған.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ, аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасқан. Осы айда Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының алдағы саммитінің күн тәртібі талқыланған.

7 қыркүйек 2022, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.