Атырау, 5 қазан 00:22
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Ешқандай күмән болмауға тиіс": Тоқаев арнайы штабтың отырсын өткізді

895 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Облыс әкімі мен министрдің айтуныша, өңірдегі жағдай бақылауға алынды. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Ал мемлекет басшысы осы жағдайдан тиісті сабақ алу қажет екенін ерекше атап өтті. Өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына нақты тапсырма берді.

Сондай-ақ, Тоқаев үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға толыққанды қолдау көрсетілетінін жеткізді. Осыған байланысты үкімет пен әкімдікке зардап шеккен тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеуге тапсырма берілді.

"Зардап шеккен азаматтардың бәріне қажетті көмек беріледі. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Менің тапсырмам бойынша үкімет тиісті мәселелерді шешу жұмыстарымен айналысып жатыр. Көмек көрсетілетіне ешқандай күмән болмауға тиіс", – деді Тоқаев.

Президент өрттің шығу себебін анықтау қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, орман алқабын қайта қалпына келтіру үшін кешенді шаралар әзірлеп, алдағы уақытта осындай апатты жағдайларды болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу керек.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қызметкерлердің әлеуметтік, соның ішінде баспана мәселесін шешуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға тапсырма берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты.

"Қостанай облысында алапат өрт болып жатыр. Бұл жағдай тұрғындардың өмірі мен денсаулығына және елді мекендерге қауіп төндіреді. Өңірдің экономикасы мен табиғатына зор шығын келіп отыр. Өрт төрт ауданның аумағына жайылды. Тағы бес облыста – Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында өрт ошақтары пайда болып жатыр. Күннің ыстық болып, желдің күшеюі өртті одан әрі өршітті. Мәселе аса күрделі екені түсінікті. Сондықтан үкімет пен президент әкімшілігіне тиісті тапсырмаларды бердім. Өртті тоқтату үшін қажетті шаралар қабылданды. Қазір төтенше жағдай бақылауға алынды", - деп атап көрсетті Тоқаев.

5 қыркүйек 2022, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.