Атырау, 5 қазан 00:22
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Halyk Bank пен Kaspi.kz үйлері өртеніп кеткен тұрғындардың несиелерін кешіреді

717 просмотра

Қостанай облысында өртенген үйлердің отбасыларына Halyk Bank-тен 1 млн теңге беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Halyk Bank Қостанай облысында өртеніп кеткен үйлердің тұрғындарына әр отбасына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек жібереді. Үйінен айрылған адамдар күш жинап, алған қаражатын ең қажеттісіне – тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, банк басшылығы жанып кеткен үйлердің барлық иелеріне Halyk Bank-тегі қолданыстағы кредиттерді жабу туралы шешім қабылдады.

Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының барлық өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындарына шынайы жанашырлық танытып, олардың өмірлері жақын арада үйреншікті арнаға оралады деген үмітте, - делінген банк таратқан хабарламада.

Танымал қоғам қайраткері және Мәжіліс депутаты Константин Авершин еріктілер мен кәсіпкерлер Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Константин Авершиннің сөзінше, Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге алғаш көмек қолын ұсынған компаниялардың бірі Magnum желісі болған. 

"Бұл компаниямен өткізіп жатқан 14-ші акциямыз. ТЖ кезінде бірге көп жұмыс істегенбіз. Бұл жолы қажет гуманитарлық заттар салынған екі фура жібердік. Оның ішінде, санитарлық-гигиеналық заттар, жылы көрпелер, орамал, азық-түлік бар. Бұзылмайтын заттар", - дейді Авершин.  

Сонымен қатар, қоғам қайраткерінің сөзінше, өрттен 200-ге жуық отбасы зардап шеккен. Ал Kaspi.kz компаниясы зардап шеккендердің несиесін кешіреді. 

"3 қыркүйектен Маржан Елшібаевамен (Kaspi.kz корпоративтік коммуникациялар департаментінің басшысы - еск.) байланыстамыз және ол несие кешірілетінін айтты. Компания бұл туралы жариялағысы келмеді, бірақ олардың қолдауын атап өткен жөн деп ойлаймын. Мендегі ақпарат бойынша, Kaspi.kz тағы да көмек көрсетпек, енді тек жергілікті биліктен жауап күтіп отыр", - деді депутат.  

5 қыркүйек 2022, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.