Атырау, 5 қазан 00:21
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімін жасап жатыр

908 просмотра

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев қаңтар оқиғасы бойынша президент жариялаған бір реттік рақымшылыққа кімдер ілікпейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әзірге нақты санын айта алмаймын. Өйткені қазір пысықтап жатырмыз. Президент тапсырма берді, енді қарастыру керек. Экстремистік қылмыс жасағандар, қаңтар оқиғасын ұйымдастырғандар рақымшылыққа ілікпейді", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, мыңнан астам іс тергеліп, мыңға тарта адам сотталған.

"Осы статистиканы назарға алу керек. Әзірге қанша адамға амнистия жарияланатынын айтуға дайын емеспін. Экстремистердің жалпы саны есімде жоқ, өйткені іс өте көп", - деді бас прокурордың орынбасары.

Ол рақымшылыққа ілігетін адамдардың саны кейін хабарланатынын жеткізді.

"Біз тергеу кезінде де ізгілік таныттық. Естеріңізде болса, президент қаңтар оқиғасынан кейін жеңіл қылмысқа барғандарды бас бостандығынан айырмауды тапсырған еді. Қателеспесем, 983 адам сотталды, оның ішінде 100-ден астамы нақты жазаға кесілсе, қалғандары шартты түрде және бас бостандығы шектелді", - деді Шындалиев.

Ол жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқандар саны өзгермегенін атап өтті.

2 қыркүйек 2022, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.