Атырау, 14 мамыр 15:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +14
$ 440.92
€ 475.36
₽ 4.82

Жастардың оқуына жылдық 2-3% жеңілдікпен несие берілмек

1 145 просмотра

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық жоғары оқу орындарының сапасы артқан сайын олардағы білімнің құны да өсетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің сөзінше, оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек.

Сондықтан мемлекет білім беру гранттарын бөлуді жоспарлап отыр, ол ҰБТ нәтижелеріне және басқа да көрсеткіштерге байланысты мөлшері бойынша – 30-дан 100 пайызға дейін сараланады. Сонымен қатар оқуға жылдық 2-3 пайызбен жеңілдікті несие берілмек. Бұл шаралар жоғары білімді қолжетімді етеді. Сонымен бірге қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын күшейтеді.Мемлекет басшысы

Сонымен қатар оның айтуынша, елдің басты міндетінің бірі – жастарды қолдау. Елімізде жастарға да жеңілдікпен несие беріледі.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді.
1 қыркүйек 2022, 11:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.