Атырау, 25 шілде 05:13
 дождьВ Атырау +29.8
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Тоқаев: Өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын

1 240 рет қаралды

Биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жариялады.

«Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады», - деді президент.

1 қыркүйек 2022, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.