Атырау, 26 желтоқсан 00:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Құлпытастар металл сынықтарына айналды

5 138 просмотра

Христиандар қорымына келген ерлі-зайыпты Шатиловтардың қайтыс болған үш туысқанының бейітінде ескерткіштердің жоқ екенін көргенде төбелерінен жай түскендей болды. Бүлікшілер, метал сынықтарын қабылдау қосынына тапсыру үшін тот баспайтын металдан жасалған ескерткіштерді зираттардан тасып әкете бастаған. Зират әкімшілігінің растауынша, Шатиловтардың басындағы жағдай орын алып тұрады екен.

- Бізге демалыс күндері туысқандарымыз қоңырау шалып, бір бейіттегі ескерткіштің жоқ екендігін айтқан еді. Әйеліміз екеуміз барып, жоқ екендігін өз көзімізбен көрік, - дейді Андрей Шатилов. – Туыстарымыз жерленген келесі бейітке дейін сәл әрігірек жүрген кезде тағы екі ескерткіштің жетіспейтінін байқадық. Бүлікшілер тот баспайтын болаттан жасалған ескерткіштерді суреттерімен және мемориалдық тақталарымен бірге түбірімен қопарып шығарып, алып кеткен. Шынын айтсақ, бұлай болғандығына және бұған адамдардың қалай дәті барғандарына сене алмай отырмыз.

Біз оқиға болған жерге Шатиловтармен бірге барған едік. Жақын жерде ҚІІБ жедел тобы жұмыс жасап жатты. Кейінірек анықталғандай, зират әкімшілігі тағы да тот баспайтын алты ескерткіштің жоғалғанын анықтаған. Тағы екі ескерткішті алып кетуге дайындап қойған екен, олар бейіттердің маңында жатты. Вандалдар бейіттердің біріндегі орындығы бар үстелді де өздерімен бірге ала кетуден жиренбепті.  

- Біз олармен күресуден шаршадық, - дейді христиандық зиратқа құзырлық ететін «Спецбюро» ЖШС директоры Ольга Павленко, - Әлденеше рет ҚІІД-нен де, қалалық әкімшіліктен де көмек сұрадық. Құқыққорғау органдарының қызметкерлері әлсін-әлі рейдтік шаралар жүргізіп отырады. Сол кезде уақытша ғана тыныштық орнайды. Ал рейдтік шара аяқталысымен бәрі де қайта басталады.

Ольга Дмитриевнаның айтуынша, күн сайын зират қақпасы 19.30-дан бастап, таңертеңге дейін жабық болады екен. Оның пікірінше, машиналар мұсылмандар зираты жақтан дала арқылы өтеді.  

- Біз шағымданғаннан кейін қалалық әкімдік қолдау көрсетіп, машина өте алмас үшін христиандар мен мұсылмандар зиратының ортасынан үлкен ор қазып тастады. Бірақ олар шұңқыр арқылы өту үшін тақталар төсей басады, содан соң жаңа жол да салып үлгерді.

Зират талқандаушылармен қалай күресу керектігін зират әкімшілігі білмей дал. Зират аумағы алпыс гектар жерді алып жатыр, жалғыз ғана қарауылшыға осыншама үлкен учаскені бақылау мүмкін емес.

- Бұл жерде өзіміздің де бойымызды үнемі қорқыныш билейді. Ұрланған ескерткішті тиеген машинаны қызметкерлеріміз тоқтата алмайды. Олардың өздері де оған тоқтай қоймас. Бізде бір оқиға болған еді. Ұрылардың бірі иттің тамағын орып жіберіп, бізге де осылай жасаймын деген болатын. Біз өзіміз үшін және зиратқа келушілердің өмірі үшін қорқамыз. Адамдар туыстарының бейітіне зиярат ету үшін келеді ғой, қандай жағдай боларын кім білген, - дейді Павленко. 

Сол жерге келген тергеушілер болған оқиғаға қатысты түсінік беруден бас тартты. Бар болғаны, бүлікшілерден жапа шегіп отырғандар көп болуы мүмкін екенін ғана айтты. Өйткені суық түсе бастағандықтан адамдар зиратқа келуді сиреткен. Соған байланысты олар қайтыс болған туысқандарының бейітінен ескерткіштердің ұрланып кеткендігін білмеулері де мүмкін. Сондай-ақ, полицейлер металл қабылдау қосындарымен олардың канализациялық люктар мен бейіт ескерткіштерін қабылдамау жөніндегі келісімдері бар екенін атап өтті. Алайда ескерткіш ұрланған болса, оны қабылдайтын жердің болғаны ғой.

Әрине, қорлау әрекеттерін жасағандары үшін және шектен шыққан арсыздықтары үшін қылмыскерлерге құдай жазасын береді. Алайда оларды қалай жазалағанын біле алмаймыз. Бірақ қазір, осы жерде жергілікті полицияның бақылауындағы қала аумағынан бейіт ескерткіштерін ұрлаушыларды тезірек тауып, жазалау керек. Содан кейінгі кезек - канализациялық люк ұрлаушылардікі.

Тамара Сухомлинова

Суретті түсірген автор 

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.