Атырау, 17 мамыр 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Кәсіпкерлердің бизнесін тартып алумен айналысқан қылмыстық топқа іздеу жарияланды

1 069 просмотра

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды агенттік сайты.

Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келген шығын көлемі 18 млрд теңгеден асады.

14 шілдеде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаров сот шешімімен қамалды.

Қоспаев, Шалин және Имашевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық қаражаты, зергерлік бұйымдары бұғатталды.

Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлігі тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.

ҚМА-ға аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан шағымдар әлі де келіп түсіп жатыр.

«Осыған орай Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз» деп мәлім етті агенттік.

31 тамыз 2022, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.