Атырау, 17 мамыр 13:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

889 просмотра

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын, – делінген жарлық мәтінінде.

Дархан Сатыбалды 1974 жылы 26 наурызда туған.

Білімі:

С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.

Экономист-менеджер, заңгер, э.ғ.к.

Еңбек жолы:

ҚР премьер-министрі кеңсесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (03.2019 ж. бастап) қызметін атқарды.

31 тамыз 2022, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.