Атырау, 5 мамыр 04:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстанда қанша жастан бастап электрошокер қолдануға болады

1 102 просмотра

Қарағандыда тоғызыншы сынып оқушысы қорғану үшін қолданам деп алып жүрген электрошокерін полицейлерге берді, деп хабарлайды Polisia.kz.

25 тамыз күні Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторына 45 жастағы азаматша арызданып, көршісі белгісіз себептермен итін атып тастағанын хабарлаған.

Полиция қызметкері 40 жастағы азаматты анықтады.

Оның сөзінше, ол қаруды даладан тауып алған, кейін оның жарамды-жарамсыздығын тексеру кезінде байқаусызда итке тиіп кеткен.

Тауып алған қару тәркіленді, ал 40 жастағы азаматқа 60 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келеді.

26 тамыз күні түнгі уақытта 12-ші ықшамауданда полиция қызметкерлері 15 жасар жасөспірімді тоқтатты.

Полицейлер жасөспірімге түнгі уақытта үлкендерсіз жүруге болмайтынын ескертіп, сол жерге анасы келгенде 15 жастағы бала полицейлерге электрошокер қорғаныс құралын берді.

Электрошокер тәркіленді, оны тек 18 жасқа толғанда ғана қолдануға болады.

Жалпы «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Қарағанды облысы полиция қызметкерлерімен 13 тіркелмеген қару тәркіленді.

Сондай-ақ облыс тұрғындарынан әртүрлі калибрдегі оқ-дәрі тәркіленді.

Барлық фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

31 тамыз 2022, 00:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.