Атырау, 17 мамыр 14:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Елде такси бағасы едәуір өсті

679 просмотра

Қазақстанда бір жыл ішінде такси қызметі 11 пайызға қымбаттады. Республикада бір километрге стандартты тариф 0,35 долларды құрады, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлердің арасында бағаның ең көп өсімі Түркістан облысында байқалды: бір жылда – 28,2 пайызға. Екінші және үшінші орындарда Алматы және Атырау облыстары болды: тиісінше 28,1 пайызға және 19 пайызға қымбаттаған.

Ең төменгі жылдық өсім Ақмола облысында тіркелді: мұнда такси қызметінің құны 0,5 пайызға артты. Тағы екі облыста - Ақтөбе және Қарағанды облыстарында бағалар бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.

Осылайша, Қазақстанда ТМД елдері арасында ең жоғары тарифтердің бірі тіркелді (1 шақырымға 0,35 доллар). Бізден қымбат қызмет тек Әзірбайжанда (1 километр үшін 0,59 доллар) екені анықталды. Салыстыру үшін: Беларусь пен Өзбекстанда тариф 0,20 долларды, Украина мен Молдовада - 0,22 долларды, Арменияда - 0,25 долларды, Ресейде - 0,30 долларды құрады.

Ең арзан такси бағасыПәкістанда (1 шақырымға 0,19 доллар) тіркелді. Ал Швейцария (4,02 доллар), Кувейт(3,25 доллар) және Сальвадор (3 доллар) тұрғындары такси қызметіне өзгелерден көбірек шығындалатыны белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың кірістері 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 2,59 миллиард теңгені құрады, бір жыл бұрынғы осындай кезеңдегі табыс 2,45 миллиард теңге болған.

Ең жоғары көрсеткіштер Қарағанды облысында (1,08 миллиард теңге), одан кейін Нұр-Сұлтанда (641,4 миллион теңге) және Алматыда (431,2 миллион) тіркелді.

29 тамыз 2022, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.