Атырау, 5 қазан 04:18
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Түркістан облысының әкімі Шөкеев отставкаға кетті

1 208 просмотра

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды Sputnik бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Otyrar.kz порталы Шөкеевтің орынбасары Сәкен Қалқамановқа хабарласып, тараған ақпаратты растап беруді сұрады.

Әкімнің орынбасары растамады, бірақ жоққа да шығарған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сәйкес, Шөкеев отставкаға кету туралы өтінішті 24 тамызда жазған.

Бұған дейін Кентау қаласының басшысы Дәурен Мақажанов жемқорлық үшін кінәлі деп танылған. Пара алған лауазымды шенеунік 10 жылға сотталды.

Сол жолы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кетуге дайын екенін айтқан.

26 тамыз 2022, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.