Атырау, 21 ақпан 14:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Қазпоштаның барлық қызметі уақытша тоқтатылады

1 113 рет қаралды

"Қазпошта" АҚ-ның барлық қызметі үш күнге тоқтатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі.

"Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамызы сағат 08:00-ге дейінгі аралықта "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, "Касса24" терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердің барлық түрі жұмысын тоқтатады", - делінген ресми хабарламада.

Компания мамандары жексенбіге дейін барлық операцияны алдын ала жасауға кеңес беріп отыр.

"Бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді "Қазпошта" АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - дейді мамандар.

26 тамыз 2022, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.