Атырау, 5 қазан 04:23
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Шекарашылар мылтықтан оқ атқан шетелдік азаматты ұстады

807 просмотра

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік азамат ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылғы 24 тамызда ҰҚК Алматы облысы бойынша ШҚ департаменті шекарашылары Кеген ауданы Іле-Алатау жотасының тау шатқалдарының бірінде мемлекеттік шекараны бұзған шетелдік азаматты ұстады.

"Шекара наряды шақыруын естіген тәртіпбұзушы тоқтау және құжаттарды көрсету талабына бағынбай, аңшы мылтығынан әскери қызметшілерге қарай оқ атып, қарсылық көрсетіп, ізін жасыруға әрекеттенген", - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз хабарламасында.

Ұсталған азаматқа қатысты соталды тергеу амалдары басталды. Шекарашылардың өмірі мен денсаулығына ешқандай зиян келтірілмеді, олар шекараның таулы учаскесін қорғау бойынша қызметін жалғастырады.

"Ұстау кезінде көрсеткен батылдық пен табандылықты ескере отырып, әскери қызметшілерді көтермелеу мәселесі шешіліп жатыр", - деді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.

26 тамыз 2022, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.