Атырау, 5 қазан 04:17
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Бәйтерек» холдингі 292,4 млн теңге көлеміндегі сыйақыға қатысты түсініктеме берді

512 просмотра

«Бәйтерек» холдингі директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне сыйақы төлеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған ақпарат бойынша түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Холдингтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, директорлар кеңесі мүшелері және мемлекеттік құрылым өкілдері арасында сыйақы төлеу «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50-бабына сәйкес жүргізілмейді. Сыйақы тек тәуелсіз директорларға ғана тағайындалады.

«Бұл төлемдер 2021 жылы басқарма мүшелеріне төленетін жалақы екенін атап өтеміз. Көрсетілген сомада салық мөлшері есептелген. Сыйақы басқарманың 11 мүшесіне тағайындалып отыр, сондай-ақ 2021 жылы Холдингпен біріктірілген «ҚазАгро» АҚ атқарушы органының мүшелеріне де берілген», - деді баспасөз қызметі.

Олардың хабарлауынша, сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылы жұмысын бастаған директорлар кеңесі мен басқарма мүшесіне берілмейді.

25 тамыз 2022, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.