Атырау, 10 мамыр 13:07
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Болат Назарбаевтың қанша жері бар екені белгілі болды

724 просмотра

Мәжіліс депутаты, Amanat партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісінің орынбасары Ерлан Сайыров Болат Назарбаевтың меншігінде қанша жер учаскесі барын айтты, деп хабарлайды Sputnik.

Депутат "ығайлар мен сығайлардың" жемқорлық, протекция істерінен сабақ алуға шақырды.

"Болат Назарбаев деген азамат өткен кезеңде Қаскелең, Талғар, Түркістан облысы, Нұр-Сұлтан қалаларында коттедж қалашығы, әкімшілік ғимарат, базар салу үшін 244 гектар тұратын 59 жер телімін алған деген ақпарат бар. Сол кісінің фамилиясына берілген қағаздар менің қолымда", - деп мәлімдеді Сайыров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, жер телімдерінің нарықтық бағасы жүздеген миллион доллар тұрады.

"Ал цифрлық даму министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2 миллионнан аса азамат 10 сотық жер ала алмай телміріп жүр. Бұл неткен әлеуметтік әділеттілік? Конституциядағы теңдік принциптері қайда? Осындай әлеуметтік диспропорция халықтың ызасын туғызатыны сөзсіз. Біз түсінуіміз керек, мұндай бұраудың міндетті түрде сұрауы болады", - дейді Amanat партиясының мәжілістегі фракциясы жетекшісінің орынбасары.

Сайыров партиялық кеңес аппаратына "Жер аманаты" комиссиясымен бірігіп осы мәселемен терең айналысуға тапсырма берді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Болат Назарбаевтың ауруханада жатқан фотосы мен арбада отырған видеосы тараған еді. Белгілі болғандай, ол жеті жылдан бері онкологиялық аурумен күресіп келеді.

Биыл тұңғыш президенттің інісі 69 жасқа толды.

25 тамыз 2022, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.