Атырау, 10 мамыр 17:28
 ашықВ Атырау +13
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Тоқаев Әлиевті "Алтын Қыран" орденімен марапаттады

530 просмотра

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев "Алтын Қыран" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Sputnik. 

"Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Гейдар оглы Алиев "Алтын Қыран" орденімен наградталсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетері, "Алтын Қыран" ордені - Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 24 тамыз ресми сапармен Бакуге барды. Бұл Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде Әзербайжанға жасаған алғашқы ресми сапары.

24 тамыз 2022, 15:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.