Атырау, 25 желтоқсан 12:17
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

1-сыныптарға жаңа пән қосылатын болды

947 рет қаралды

Биыл 1-сыныптар үшін «Көркем еңбек» пәні «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» болып екі жеке пәнге бөлінді. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаева айтты, деп хабарлайды Халық үні.

1-сыныптар үшін «Көркем еңбек» пәні «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» болып екі жеке пәнге бөлінді. Бұл пәндер бойынша оқу бағдарламалары әзірленді. Оқу мазмұнында негізгі басымдық білім алушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыруға беріледі. Биыл «Еңбекке баулу» мен «Бейнелеу өнері» пәндері бойынша оқулықтар әзірленбейді, тек мұғалімге әдістемелік қолдау мақсатында әдістемелік нұсқаулық ұсынылады. Ал 2-4 сыныптарға биылғы оқу жылында «Көркем еңбек» пәнін оқыту жалғасады, - деді Мадина Тыныбаева.

Сонымен бірге жаңа оқу жылынан бастап «Жаһандық құзыреттер» курсы 5-11 сыныптарға міндетті курс ретінде оқытылатыны белгілі болды.

«Курс 5-9 сыныптарда «Парасаттылық және этика», «Экологиялық мәдениет», «Азаматтық және патриотизм», «Өмір сүру қауіпсіздігі», «Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» сынды 5 бөлімді қамтиды. «Жаһандық құзыреттер» курсынан қай пәннің мұғалімдері сабақ береді деген сұрақ жиі туындайды. «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығының «Жаһандық құзыреттер» білім беру бағдарламасы бойынша оқу курсынан өткен барлық мұғалім бұл пәнді жүргізе алады», - деп толықтырды академия президенті

24 тамыз 2022, 11:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.