Атырау, 2 мамыр 19:42
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

СІМ украиналық елшінің мәлімдемесіне наразылық білдірді

774 просмотра

Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевскиймен кездесті, деп хабарлайды Sputnik. 

Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді.

"Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіндігі және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірді. Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс", - делінген хабарламада.

Жуықта украиналық дипломат Петр Врублевский тіл патрулін ұйымдастырушы Диас Құзайырға берген сұхбатында орыстарды неғұрлым көп өлтірсек, балаларымыздың қолы соғұрлым азырақ қанға малынады" деген еді.

23 тамыз 2022, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.