Атырау, 21 ақпан 14:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Бағдарламалық жасақтаманың 70%-тен астамы лицензиясыз жұмыс істейді

754 рет қаралды

Қазақстанда қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың 70%-тен астамы лицензиясыз жұмыс істеп тұр. Бұл туралы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланған республиканың цифрлық экожүйесін дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасында ("Киберқалқан-2") айтылған, деп хабарлайды Sputnik

"Отандық ақпараттық кеңістік шетелдік аппараттық және бағдарламалық шешімдерге әлі де тәуелді. Білікті кадрлардың жоқтығынан ІТ-жобаларды коммерцияландырудың тиімсіз жүйесі саланың дамуына кедергі келтіріп отыр. Осылайша бүгінгі таңда Қазақстанда қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың 70%-тен астамы лицензиясыз пайдаланылады", - деп жазылған тұжырымдамада.

Сондай-ақ құжатта жеке деректерді қорғауды күшейтуге қатысты мәселелер әлі де шешімін таппай отырғаны айтылған.

Қазіргі таңда азаматтар әртүрлі интернет-ресурстарға жиі шағымданатын болған, олардың жеке деректері заңсыз жарияланып кеткен. Тексеру барысында жеке деректер "Ақпаратқа қолжетімділік туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ашық деректерді жариялайтын мемлекеттік ресурстардан алынғаны анықталды.

Тұжырымдаманы қоғамдық талқылау 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

22 тамыз 2022, 18:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.