Атырау, 24 желтоқсан 07:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Тоқаев Қырғызстан президентіне көңіл айтты

1 323 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы азаматтарының Ресей Федерациясының Ульянов облысында жол апатынан қаза табуына байланысты Президент Садыр Жапаровқа және барша қырғыз халқына көңіл айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жеделхатта қайтыс болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Еске салайық, Ресейдің Ульяновск облысында болған жол-көлік оқиғасында 16 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. Оның 14-і Қырғызстан азаматтары. Үш қырғызстандық аман қалған. Олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, деп жазады 24.kg.

Шағын автобус екі жүк көлігі арасында қысылып қалған. Адам өліміне себепкер болған жүк көлігінің жүргізушісі де қаза болған.

22 тамыз 2022, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.