Атырау, 5 қазан 06:33
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстанда сары май қымбаттады

730 просмотра

Жыл басынан бері Қазақстанда сары май шамамен 15 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан шілдеге дейін елімізде сары май өндірісі 13,9 мың тонна болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6 пайызға аз. Бұған дейін өндіріс көлемі 31,9 пайызға өскен.

Қазақстандық май зауыттары жыл басынан бері сары майға сұранысты 71 пайызға қамтамасыз етті.

2022 жылдың қаңтар мен мамырында еліміздің ішкі нарығында сары майды сату 19,9 пайызға өсіп, 12,5 мың тонна болды. Осы кезеңде экспорт 4 есеге жуық азайып, елеусіз 541,5 тоннаны құрады.

2022 жылдың шілдесінің соңында тұзсыз сары май бағасы бір айда 1,2 пайызға қымбаттады. Жыл басынан бері баға бірден 14,7 пайызға өсті.

Тұздалмаған сары майдың республикалық орташа бөлшек сауда бағасы биылғы шілдеде келісіне 3,3 мың теңгеге жетті. Ірі қалалар жағдайында баға Павлодарда 2,7 мың теңгеден Атырауда 4,3 мың теңгеге дейін ауытқыған.

Жыл басынан бері май Маңғыстау облысында бірден 29 пайызға қымбаттады. Одан кейін бағаның өсуі тиісінше 26,7 және 26,4 пайызды құраған Шымкент пен Жамбыл облысы тұр.

22 тамыз 2022, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.