Атырау, 25 шілде 06:02
 дождьВ Атырау +28.4
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

​Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесіне енді

1 098 рет қаралды

Еуразиялық экономикалық комиссия

Сурет: primeminister.kz

 Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының құрамына енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіне Қазақстан Республикасының атынан премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Серік Жұманғарин кіреді. ЕЭК-ке тиісті ресми ескерту хат келді, – делінген ЕЭК сайтында жарияланған хабарламада.

Еске салсақ, 15 тамызда мемлекет басшысының жарлығымен Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл қызметке ол Бақыт Сұлтановтың орнына келді.

20 тамыз 2022, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.