Атырау, 5 қазан 06:21
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей мен Әзербайжанға барады

1 128 просмотра
Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 19 тамыз күні Сочи қаласына, ал 24 тамызда Бакуға баратыны белгілі болды. Бұл туралы президенттің ресми Telegram-дағы каналында жарияланды.

19 тамыз күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочи қаласына (Ресей Федерациясы) жұмыс сапарымен барады. Сапар барысында Қазақстан мен Ресей басшылары кездесіп, екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайды, - делінген хабарламада.

24 тамыз күні мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.

Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады.

18 тамыз 2022, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.