
Әскери қызметші Бақыт Ташкенбаев Алматы облысында мейрамхананы жарылыстан құтқарды, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.
«Сол кезде мейрамханада өрттің алдын алуға тырысқан әйелдер ғана болды. Ең алдымен, мен от шыққан ас үйге жүгірдім. Түтін арасынан екі газ баллонды көрдім, оны ажыратып, көшеге шығардым. Осыдан кейін әйелдер өрт екінші қабатқа өтеді деп айқайлады. Салтанат залына жүгіріп барып, екінші қабаттан жиһаздарды шығарып, ғимараттың төбесіне оттың өтуіне жол бермеу үшін перделерді жұлып ала бастадым», – деді Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Бақыт Ташкенбаев.
Оқиға 13 тамызда болған. «Алатау холл» мейрамханасы Қаракемер ауылынан алыс емес жерде орналасқан.
Хабарда айтылғадай, кейін мейрамхана ұландыққа алғыстарын айтқан, осылайша оның батылдығы туралы белгілі болды.
В Атырау -9