Атырау, 19 наурыз 12:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Әскерде қысым көрдім деген сарбаз қыздың оқиғасы: министрлік мәлімдеме жасады

1 268 просмотра

Қорғаныс министрлігі бұрынғы әскери қызметші Айғаным Елшібаеваның шағымына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қорғаныс министрінің тапсырмасына сәйкес құрылған арнайы комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметші Айғаным Елшібаеваның Қарулы Күштер қатарынан заңсыз шығарылуы және батальон командирі тарапынан оған оғаш қылық көрсетуі туралы әлеуметтік желіде жарияланған жазбаға қатысты қосымша тексеруді аяқтады.
Қорғаныс министрлігінің комиссиясы азаматша Елшібаеваның айтқан тұжырымы мен айғақтарын қайтадан мұқият зерделеді. Комиссияның жан-жақты тексерісі нәтижесінде Елшібаеваның арызында көрсетілген деректер құжатпен расталмағанын және шындыққа жанаспайтынын анықтады", - делінген хабарламада.

ҚМ мәліметінше, 6 мамырда Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімі әскери қызметшінің жазбаша өтініші бойынша тексеру жұмыстарын жүргізген. Батальонның барлық жеке құрамы Елшібаеваға қатысты 54179 әскери бөлімінің лауазымды тұлғалары тарапынан заңсыз іс-әрекет деректері болғанын растамаған.

"Жаңа комиссия жұмысының нәтижелері және Қонаев гарнизонының Әскери полиция бөлімі жинаған материалдарды қарау, сондай-ақ 54179 әскери бөлімі қызметшілерінің түсіндірмелерін талдау бойынша азаматша Елшібаева ұсынған айыптаулар расталмады", - делінген министрлік хабарламасында.
12 тамыз 2022, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.