Атырау, 5 қазан 08:17
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Қазақстанда автокөліктердің 7 пайызға жуығы ғана жаңа – статистика

1 448 просмотра

Ұлттық статистика агенттігінің мәлімдеуінше, 2022 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында 95 801 жеңіл автомобиль есепке қойылды, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% аз, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 3 907,2 мың автомобиль тіркелген.

Шығарылған жылы бойынша жеңіл автомобильдер автопаркінде 20 жыл бұрын шығарылған автомобильдер басым – 48,9%, ал 3-тен 7 жылға дейінгі көліктер 6,8%.  
Ұлттық статистика агенттігі

Жеңіл автомобильдердің басым бөлігі Алматы облысында – 501,5 мың бірлік, Алматы қаласында – 463,7 мың бірлік және Нұр-Сұлтан қаласында – 285,4 мың, жеңіл көліктің ең азы – Қызылорда облысында 97,3 мың бірлік.

Жеңіл автокөліктер жанармай ретінде негізінен бензинді пайдаланады (86,7%), көлік құралдарының 9,1% аралас отынмен жүреді.

2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында қозғалтқыш көлемі бойынша 1500-ден 2000 текше/см дейінгі автомобильдер басым – 1 749,3 мың бірлік.

12 тамыз 2022, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.