Атырау, 5 қазан 07:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +23
$ 472.68
€ 466.91
₽ 8.01

Елімізде миллион гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылады

914 просмотра

Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы жерлерін анықтау және қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері қаралды.

"Жыл басынан бері комиссия шешімімен мемлекетке 1 миллион 119 мың гектар жер қайтарылды. Қазіргі уақытта жалпы аумағы 2 миллион 94 мың гектар жерді пайдаланушыларға қатысты 724 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, 698,4 мың гектар жерді тексеру бойынша 48 өтініш прокуратура органдарында тіркеу сатысында тұр", - делінген хабарламада.

Жалпы комиссия аумағы 7,45 миллион гектар жерде 2 584 субъектіге қатысты тексеру жүргізуді жоспарлап отырғаны айтылды. Оның ішінде егістік алаңы – 585,2 мың гектар, жайылым жер – 6,86 миллион гектар.

9 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізуге мораторийдің күшін жоюды көздейтін Жарлыққа қол қойғаны айтылды.

"Жоғарыда аталған шараларды ескере отырып, жыл аяғына дейін пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің кем дегенде 5 миллион гектарын мемлекетке қайтару көзделген", - делінген хабарламада.

12 тамыз, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.