Атырау, 22 желтоқсан 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстанда қанша ресейлік және украиналық ЖСН алған?

1 227 рет қаралды

Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың басынан бері Қазақстанда қанша ресейлік және украиналық азамат жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алғаны туралы мәлімет ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда шетелдіктер 198 806 ЖСН рәсімдеген.

"Азаматтардың ең көп саны: Өзбекстан - 91 454, Ресей - 74 371, Тәжікстан - 7896, Қырғызстан - 4470, Украина - 1520", - деді министрлік өкілдері.

Қазақстандағы шетелдіктерге ЖСН әртүрлі мақсаттарға қажет:

  • жұмысқа орналасу;
  • Қазақстанда есеп айырысу шотын тіркеу;
  • мүлікті тіркеу;
  • мемлекеттік қызметтерді алу және т.б.

Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 40 831 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешімі бойынша, 3 519 шетелдік елден шығарылған. Оларға бес жылға дейін елге кіруге тыйым салынады. 

12 тамыз 2022, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.