Атырау, 25 желтоқсан 15:32
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Бақытжан Сағынтаев тағы бір қызметке сайланды

1 406 рет қаралды

Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақытжан Сағынтаев 10 тамызда Еуро-Азия ынтымақтастығы Қаржы-іскерлік қауымдастығының кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша қауымдастықтың Бақылау кеңесінің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еуразиялық экономикалық комиссия сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, жалпы жиналыстың жұмысы барысында қауымдастық президенті болып SLC-Rus негізін қалаушы Ли Шобин (Қытай) сайланды.

Еуро-Азия ынтымақтастығы қаржы-іскерлік қауымдастығының - Еуразияның 26 елінен кәсіпкерлердің, коммерциялық ұйымдар мен банктердің, қоғамдық және ғылыми-өндірістік бірлестіктердің қаржылық, банктік және іскерлік одақтарын біріктіретін қоғамдық үкіметтік емес ұйым.

Бұған дейін Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі (министр) болып тағайындалған болатын.

12 тамыз 2022, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.