Атырау, 25 сәуір 15:40
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

АҚШ қарулы күштерінің Тәжікстандағы жаттығуына Қазақстан да қатысып жатыр

1 145 просмотра
Сурет: Azattyq.org сайтынан алынды

10 тамызда Тәжікстанда АҚШ қарулы күштерінің орталық басқармасы ұйымдастырған әскери жаттығу басталды. Бұл жөнінде АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі хабарлады деп жазды Azattyq.org порталы.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм 20 тамызға дейін жалғасатын "Аймақ ынтымақтастығы – 2022" әскери жаттығуына қатысушыларды жылы қарсы алды. Оның айтуынша, бұл АҚШ-тың Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдерімен бірігіп өткізіп жатқан ең ірі жаттығуларының бірі. Бұл "аймақтағы әріптестерімізбен қарым-қатынасты нығайтуға бірегей мүмкіндік береді" деді ол.

Елшіліктің хабарлауынша, жыл сайын өтетін жаттығу аймақта тұрақтылықты қамтамасыз етуге, терроризммен күресуге, сонымен бірге мемлекеттер арасында ынтымақтастықты арттыруға ықпал етеді.

Елшіліктің мәліметінше, АҚШ, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және Моңғолия елдерінен келген әскери қызметкерлер алты күн жаттығады. Тәжікстан мен АҚШ Фахрабад оқу орталығында бес күндік дала жаттығуын өткізеді.

11 тамыз 2022, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.